«9 адам тірідей өртеніп кетті»: Түркістан облысында 10 адам қайғылы жағдайда қаза тапты
2023 ж. 20 шілде
667
0
Түркістан облысында жантүршіктірерлік жол апаты 10 адамның өмірін жалмады. Бәйдібек ауданында жоғары жылдамдықпен келе жатқан үш көлік соқтығысып, 9 адам тірідей өртеніп кеткен. Тағы бір ауыр жараланған науқас ота үстінде көз жұмды. Тірі қалған 14 адам қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Он адамның өмірін жалмаған жол апатына кімнің кінәлі екенін жол сақшылары анықтап жатыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Ірі жол апаты Бәйдібек ауданындағы Екпінді мен Шаян ауылдарының арасындағы жолда таңғы сағат 9-да болған. Қос көлік қана сиятын тар жолда Ниссан жеңіл көлігі қарсы бағытқа шығып, Созақ ауданынан келе жатқан жолаушылар толы шағын автобуспен бетпе-бет соғылған. Оларға арт жақта келе жатқан тағы бір Тойота соқтығысып, үш көлік те сол мезетте отқа оранған. облысында үш көлік соқтығысып, жол апатынан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жантүршігерлік оқиға 17 шілдеде сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында болған.
"Облыстық маңызы бар "Екпінді-Созақ" тас жолы бойында "Nissan", "Toyota Camry" және "Volkswagen Grafter" маркалы үш автокөлік соқтығысқан. Көліктер өртенген. Салдарынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. 2 адам медицина көмегінен бас тартты", - делінген ведомство хабарламасында.
Алдын ала мәліметтер бойынша "Nissan" автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығының өзі барған.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
"Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп атап өтті полиция.