"Денесінің сау-тамтығы жоқ". Бес жасар қыздың өлімі Жібек жолы ауылын дүр сілкіндірді

"Денесінің сау-тамтығы жоқ". Бес жасар қыздың өлімі Жібек жолы ауылын дүр сілкіндірді

Сарыағашта 5 жастағы қыз баланың өлімінен кейін тұрғындар наразылыққа шықты, - деп жазды orda.kz.

Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі қызының жоғалғаны туралы арыз жазған. Артынша полиция ауылдағы үйлердің бірінен қыз баланың жансыз денесін тапты. 

«Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды» деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Азаттықтың дерегінше, ауыл тұрғындары наразылыққа шығып, күдіктіні халықтың қолына беруді талап еткен. Ақпаратты полиция да растап, қазір тұрғындардың тынышталғанын айтты.

БАҚ-тағы ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін айыпталып, 10 жылға сотталған.

Оқиғадан Тоқаев та хабардар. Ол Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды.