Президент Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы заңға қол қойды
2023 ж. 10 шілде
1135
0
Мемлекет басшысы «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн платформалар және онлайн жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
- Заңның қабылдануы Қазақстан Республикасындағы онлайн-платформалардың қызметі үшін құқықтық негіздер қалыптастырады, онлайн платформалар және онлайн жарнама саласындағы реттеудің нормативтік негізін консептуалдық тұрғыдан өзектендіруге мүмкіндік береді.
Оған қоса, Еуропалық одақ қабылдаған Digital Services Act немесе цифрлық қызметтер туралы заңның баламасы іспетті бұл заң әлемдік әлеуметтік желілердің интерфейсін қазақшалау, инфлюенсерлердің жарнамасын таңбалау, заңсыз контентті неғұрлым тиімді модерациялау мәселелерін де реттейді, - деп жазды бұл туралы Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі.