Астанада Халықаралық волонтерлер Форумы басталды
2023 ж. 20 маусым
698
0
Астанада 2023 жылғы 20-21 маусымда Халықаралық волонтерлер Форумы басталды.
Форумның мақсаты - волонтерлік қозғалысты қолдау және дамыту, волонтерлік қызметтегі қазақстандық тәжірибені таныстыру және елдің халықаралық сахнадағы жағымды имиджін қалыптастыру, сонымен қоса волонтерлердің статусын арттыру, ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді нығайту.
Форум аясында волонтерлердің қызметіне қатысты түрлі салалар талқыланады. Атап айтқанда, «Әлеуметтік волонтерлік және инклюзия», «Білім беру мен цифрландырудағы волонтерлік бастамалар», «Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерлік үлесінің құндылығы мен маңыздылығы», «Жасыл із: волонтерлердің экологиялық проблемаларды шешуге қосқан үлесі» және басқа сессиялық алаңдар ұйымдастырылды.
Сонымен қоса, мастер кластар, питчинг және басқа форматтар ұйымдастырылды.
Жалпы, Форум жұмысына 34 елден 40 спикер қатысады. Спикерлер қатарында БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Атқарушы үйлестірушісі Тойли Құрбанов; Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Мехмет Сурейя Эр, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы хатшысының орынбасары Дәурен Абаев, режиссер, «Мәдени бастамалар» қорының құрылтайшысы Тимур Бекмамбетов; музыкант, «AHBAP» Ассоциациясының президенті Халук Левент (Түркия); Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори; Қазақстандағы UNICEF (ЮНИСЕФ) өкілдігінің басшысы Артур Ван Дизен және т.б. бар. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірінен делегаттар қатысуда. Жалпы 400-ден астам адам қатысты. Оның ішінде 140 халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік қатысушылар бар.