«Де-коммунизация керек!»: Шіркеу қызметшісі мәлімдеме жасады
2023 ж. 19 маусым
1226
0
Қазақстандық белгілі дін қызметшісі Яков Воронцов қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
«Православиелік христиандар Құдайдың біздің РПЦ-ны қашан денацификациялап не демилитаризациялайтынын күтпей, рухани ауру және жат ағымдармен өздері күресе бастайды деп үміттенемін. Қолымнан келгенін жасауға тырыстым. Егер миссионерлік бағдарламаның бірінші тармағы отарсыздандыру және декоммунизация болған жағдайда ғана РПЦ Қазақстанда миссионерлік қызметті жүргізуге моральдық құқығы болады. Бұл бағытта мен де қолымнан келгенді жасауға тырыстым» деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Воронцов қазақ қоғамын толғандырып жүрген көптеген өзекті мәселелерге қатысты ашық сыни ұстанымымен танымал.