Мемлекеттік органдардың жұмысына волонтерлер және белсенді азаматтар қосылды
2023 ж. 12 маусым
444
0
Қазіргі уақытта орындарда 180-нен астам волонтер, 50-ден 60-қа дейін волонтерлер топтары ауысыммен жұмыс істеуде. 24/7 режимде жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілермен қатар, волонтерлерде ауысыммен үздіксіз жұмыс істеуде.
Волонтерлерді жергілікті Лидер.кз волонтерлік ұйымы @volontery_semey_lider.kz, автоволонтерлерді «Колея» және «ОСА» автокөлік әуесқойлары клубы біріктіруде. Волонтерлер азық-түлік сатып алумен, буып-түюмен, тамақ дайындаумен айналысуда. Үш штабта қажетті көмек көрсетуде. Автоволонтерлер болса азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізумен айналысуда. Орманда жүріп-тұруға рұқсаты бар волонтерлерлер де бар. Олар күзет пунктіне дейін заттарды жеткізе алады.
Біздің желінің мүшелеріне өз тарабымыздан консультативтік көмек және қаражат жинаудамыз. Екі күн ішінде тұрғындарымыз 14 789 129,63 теңге ақша қаражатын жинады. Бұл қаражаттар мақсатты түрде нақты орын алып жатқан аймақ тұрғындарының қажеттіліктерге бағытталатын болады. Мысалы: бензин алу, азық-түлікпен қамтамасыз ету және басқа да орындарда қажетті заттар. Оның ішінде тұрғындарды бетперделермен қамтамасыз ету.
Көмек көрсетуге ниет білдіріп жатқан көп тұрғындарымыз бізбен хабарласуда. Бизнес-сектор, банктер және ҮЕҰ өкілдері де бар. AsarUme қоры @asarume_kz бізбен хабарласып, өзінің Абай облысындағы өрттен қаза тапқан қызметкерлер отбасыларына көмек көрсету үшін хабарласты.
Тек бүгін ғана 1,5 литр ауыз суымен, 400 кг қой және құс етімен, 600 кг көкөніспен (картоп, сәбіз, пияз), 100 литр өсімдік майымен тұрғындар қамтамасыз етілді. Шаруа қожалықтарының басшылары азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін екі көлікті жұмыс істеуге бөлді.
— Осындай кездерде біз бірге болуымыз керек! Бізді жеке көзқарастар, кейбір өкініштер, пікірлеріміз бөлмеуі керек. Оның барлығы ұмытылуы қажет. Біздің тағдырымыз бір! Біз бұл уақытты бірге көтеруіміз керек, - деп Семейдің белсенді волонтерлерінің бірі Евгения Павел айтып кетті.