АҚШ Бас консулдығының мүшелері Шымкенттің мәслихат депутаттарымен кездесті

АҚШ Бас консулдығының мүшелері Шымкенттің мәслихат депутаттарымен кездесті

Бүгін 15 сәуір 2023 жылы Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының мүшелері жаңадан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесті.

Атап айтсақ, бұл жинға АҚШ Бас консулының міндетін атқарушы Ананд Кришна, консулдықтағы саяси бөлімнің басшысы Сэмюэль Фонтела, жұртшылықпен байланыс бөлімі басшысының орынбасары Чад Кинеар және "Америка бұрышы" бағдарламасы жөніндегі маман Раушан Ахметова, сонымен қатар, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихатқа енген әр партияның бір-бір депутаты және бірмандатты округтерден сайланған екі кәсіпкер депутат қатысты. Бұл кездесуге "Ақ жол" демократиялық партиясынан депутаттық фракциясының жетекшісі Ноян Назарұлы Төлегенов пен Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Дулат Саттарұлы Куашбаев қатысты. 

Іс-шара барысында Ананд Кришна бастаған делегация жаңадан сайланған мәслихаттың жоспарларымен танысты. Сонымен қатар, консулдық пен мәслихат арасындағы ынтымақтастықты құру мүмкіндігін талқылады.

Сондай-ақ, консулдық қызметкерлері елімізде атқарылып жатқан саяси реформалар мен жуырда өткізілген сайлау жайлы сұрақтар қойды. Тиісінше, мәслихат төрағасы Бахадыр Мадәліұлі сауалдарға жауап беріп, мемлекет деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды мәлім етті.