Ресей қазақ жерін нысана қып баллистикалық зымыранмен атқылады

Ресей қазақ жерін нысана қып баллистикалық зымыранмен атқылады

ҚР Қорғаныс министрлігі Сарышаған полигонында ресейлік зымыранның сынақтан өткізілуіне қатысты түсініктеме берді.

«12 сәуірде Ресей Сарышаған полигонында шартты нысанаға стратегиялық мақсаттағы зымыранын сынақтан өткізді. Оны іске қосу қазақстандық тараппен келісім бойынша жоспарлы түрде жүргізілді. Бұл ретте зымыран негізінен қатты отынды және ол жойғыш бөліктен тұрмайды. Зымыранды жіберудің мақсаты оның ұшу траекториясын бағалау болып отыр. Жұмыстарды жүргізу барысында қауіпсіздік шаралары сақталды. Одан Қазақстан халқына және қоршаған ортаға қауіп төнген жоқ», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 12 сәуірге қараған түні РФ Қорғаныс министрлігі құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынайтындығы туралы хабарлама таратқан еді.

Сынақ алаңы ретінде Астрахан облысында, Қазақстанның батысында шекараға жақын орналасқан «Капустин Яр» полигоны таңдалды.