Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған.