Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды

Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді. Дауыс беру барысында жалпы отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82-сі оның кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды.