«Ақ жол» демпартиясының Республикалық сайлауалды штабы Сыр өңіріне барды

«Ақ жол» демпартиясының Республикалық сайлауалды штабы Сыр өңіріне барды

Сайлауалды үгіт-насихат аясында «Ақ жол» демпартиясының 700-ден астам кандидаты еліміздің әр өңірінде сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда.

Бүгін Республикалық штаб мүшесі Берік Дүйсембинов, облыстық штаб мүшесі Қайрат Боранбаев және облыстық филиал төрағасы Жорабек Прманов Қызылорда қаласындағы бірнеше еңбек ұжымдарымен кездесті. 

Кездесу барысында штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырып, негізгі 6 бағытына тоқталды: тәуелсіздік және «Алаш» ұлттық идеясы, демократия және парламентаризм, жемқорлықпен күрес және де-офшоризация, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау, сыртқы саясат.

Еңбек ұжымдарымен кездесу барысында әлеуметтік теңдікті орнатуға қатысты сұрақтар қойды.

- «Әлеументтік теңдікті орнату, еңбек адамының мәртебесін арттыру біздің бағдарламамызда орын алған. Бүгін неге ешкім қойшы болғысы келмейді? Себебі, отыз жылдың ішінде еңбек адамына деген теріс көзқарас қалыптасып қалды. Оны біз қалай өзгертеміз? Біз қазіргі жұмыс беріп жатқан кәсіпкерлікті қолдауымыз керек», - деді Берік Дюсембинов. 

Тұрғындар ауылда бизнестің қалай дамып жатқанын, оны қалай бастағанын және бүгінгі күні осы бағытта қандай нәтижелерге қол жеткізгенін егжей-тегжейлі айтып берді.

Мұнан соң, штаб өкілдері үгіт-насихат жұмысымен Қызылорда қалалық ауруханасына барды. Медицина қызметкерлерімен сөйлесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Мамандардың сұрақтарына жауап беріп, саяси науқанның мән-мағынасын түсіндірді. Кездесу ашық диалог форматында өтті.

Сонымен бірге, "Ақ жол" партиясының үгіт-насихат тобы "ДорСтрой" ЖШС, "Фрак Джет" ЖШС ұжымдарымен кездесті.

«Ақжолдықтар» қазақстандық кәсіпорындарды қолдайтындығын айта келе, кез-келген шағын және орта бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмысты күшейту керек екендігін, жұмысшыларды тұрғын үймен, өмір сүруге қажетті барлық материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуі керек екендігін жеткізді. Жұмысшылар партияның саяси бағдарламасын қолдап, өз ұсыныстарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, үгіт-насихат бағдарламасы аясында халықпен кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде өтуде.

* «Ақ жол» партиясының сайлау штабының қаражатынан төленді