Конститутциялық реформалардың экономикаға қандай ықпалы қандай?

Конститутциялық реформалардың экономикаға қандай ықпалы қандай?

Қоғам қайраткері Бейбіт Күлмағанбет президент бастамасымен жүзеге асырылған конституциялық реформа жөнінде «Қазақ үні» агенттігі тілшісіне пікір білдіріп, ойларымен бөлісті. 

- Конституциялық реформа бүгінгі қоғамның сұраныстарына жауап бере ала ма? Ел көкейіндегі өзгерістер ата заңға енгізілді деп санайсыз ба? 

- Өткен конститутциялық реформа қоғам ішіндегі бірнеше маңызды мәселеге жауап бере алмады. Алғашқы болып шешілуі тиісті аса маңызды маселе - билік пен басқарудың парламентаризм тармағының күшейтілуіне байланысты. Бұл - қоғамда көптен күтілген, саяси партиялардың, соның ішінде Қазақстан Демократиялық "Ақ Жол" партиясының жылдар бойы парламентке ұсынған түбегейлі өзгерістер жобаларының ең маңыздысы еді. Биліктің үш тармағы (өкілетті, атқарушы және сот) жүйесі ішінде өзінің маңызды өкілетті функцияларын орындауға шектелген, құқықтық мүмкіндіктері аз мемлекеттік орган - Парламент және оның жергілікті тармақтары - маслихаттар болатын. Соңғы отыз жылдық бір ғана партияның "гегемонист" саясатының нәтижесінде, мәжіліс үкіметтің дайындаған бағдарлама шығындарын-бюджетті ғана қолдайтын "статист" органға айналды. Қаңтар оқиғаларынан кейін Қазақстанның Парламенттік Республикаға бет бұруын көпшілік күткен еді. Яғни, мемлекет басқару жүйесінде, жартылай парламенттік, жартылай Президенттік деп аталатын, дамыған Европа Одағында сынақтан өткен, тексерілген басқару жүйесі. Парламент тағайындайтын - Премьер-министр басқаратын мемлекеттік жүйе. Парламенттегі көпшілік орынды қалыптастырған партия немесе бірнеше партияның кооалициялық бірлігі үкімет құрып, Премьер министірді белгілеп - Парламентке ұсынады. Парламент дауысқа салу арқылы, үкімет пен кабинетті сайлайды. Мұндай жүйеде Президент ел басында болсада, тек ресми, көбінесе мемлекеттік протокол функцияларын орындайды. Ал барлық мемлекеттік басқару жүйесі Премьер-министр қолында шоғырланады. Елдің сыртқы және ішкі саясатына жауап бере алатын, орындау үшін толық және жеткілікті құқығы бар үкімет басшысы. Қазіргі біздегідей , Президент артына тығылып, жауапкершілікті де мойнына ала алмай, еркін әрекетте ете алмай, не бітіргенін қоғам білмейтін, қауқарсыз-әлсіз үкіметіміздей емес.

- Конституциялық реформаға Қаңтар қасіреті себепші болды дегенмен келісесіз бе? 

Конститутциялық реформаның келесі маңызды мәселесі- мемлекеттік символдар- жалау, герб, әнұранның қасындағы негізгі символдың - мемлекеттік қазақ тілін күшейту, тек бір мемлекеттік тіл статусын әлсірететін кейбір баптардың Ата Заңнан алынып тасталуы қажеттілігі.

 Әлемді символдар билейді,- деген ұғым бар. Сондай түсінікті қолдансақ, Қазақстанның мемлекеттік символдары біздің мемлекетті , отандастардың санасын жалғыз билеуі тиісті. Тәуелсіздік символы- мемлекеттік тіліміздің Ата Заңымыздағы марапатты орнына жалғас ретінде, тағы бір тілді жазып, дарежесін төмендетуіміз саяси екіжүзділік емес па ? Тіл дуализмі - саяси дуализмге әкелуі мүмкін ба? Екі түрлі түсініктерге, қазақ тілінде осылай болса, орыс тілінде басқа түрлі болуы мүмкін дейтіндей түсініктерге әкелетін. Ондай саяси дуализм позициясын әрі қарай сақтау мемлекет болашағына қауіпті емес па? Екі тіл - екі мемлекет деген қате, жалған үміт - армандарды тудыруы мүмкін ғой. 

Мемлекетіміз, барлығымыз білетіндей, Ата Заңның баптарына негізделген - бөлінбейтін, унитарлық мемлекетпіз. Ал тіл дуализмі қоғамды екі топқа бөлуге итермелейтін факторға , тек бір унитарлық мемлекет делінген конститутциялық нормаға қарсы көзқарас. Мемлекетімізді бөлу, бөлшектеу қауібінің негізін қалайтын. Тіпті, кейінгі кездері үдеген, сондай көзқарастарды қолдайтын, сыртқы және ішкі күштердің күшейуіне мүмкіндік берілуі қатты сезілуде, көрінуде. 

Осыны түсінген отаншыл таныс орыс, басқа ұлт өкілдері - азаматтарымыздың өздеріде, бұл қауіпті түсініп, тіл саясатындағы нақтылықты, бірегейлік стандарт негіздерін қалауды сұрауда. Мемлекеттік қазақ тілінің саяси-экономиқалық,әлеуметтік маңызын күшейту уақыт күттірмейтін, барлық қазақтар мен басқа бізбен бірге бір Отан-шаңырақ астында тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің ортақ мүддесі. Мемлекеттік тілдің құдіреті - Конститутциямызда да, басқада төменгі заң актілерінде де нақтыланып, бірегей стандарт жүйеге келтірілуі шарт. Қоғамның барлық бөлігі осындай тура, әділ шешімді биліктен күтуде.

- Конституциялық өзгерістер мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік әл-ауқатына әсер ете ме? 

- Конститутциялық реформалардың экономикаға қандай ықпалы бар деген сұраққа жауап берерде, тікелей экономикаға жасалатын ықпалды айта алмаймыз. 

 Мысалы, еңбек ету еркіндігі, азаматтардың экономиқалық жағдайларын тікелей түзететін күшке ие емес . Конституция - Ата заңымызда мемлекетіміздің негізгі қағидаттары, қалыптастырушы принциптері көрсетіледі. Ата заңымызда, мемлекет құраушы қазақ ұлтының экономикадағы рөлі мен дәулетін арттыратын принциптер орын алмаған. Мысалы "экономиқалық ұлтшылдық" принципі. Еліміздің, жердің иесі қазақ ұлты екендігі, ал мемлекеттік байлық, ешқандай алғы шартсыз, қазақ халқы мүддесіне, тұрмыс - дәулетінің жоғарылауына жұмсалатынын білдіретін конститутциялық нормалар жоқ. Мемлекет негізі азаматтық принциппен бірге, экономиқалық ұлтшылдық принципіне негізделетін Ата заң қажет. "Экономиқалық ұлтшылдық" түсінігі, унитарлық мемлекет принципінен жалғас табуда. Яғни, бұл мемлекет, біртұтас ұлттық мемлекет болса, онда барлық жер үсті-асты байлықтар алдымен егеменді ел иесі - қазақтарға жұмсалуы тиіс. "Экономиқалық ұлтшылдық" принципі дегенімізде осы. Мемлекеттік тілді, экономиқалық ұлттық мүдделерді қорғайтын, орындата алатын, мәжбүрлеуші құқық күшіне ие арнайы конститутциялық толықтырулар қажет деген ойдамын.