“АҚ ЖОЛҒА” АҚ ЖОЛ ТІЛЕУДЕ

“АҚ ЖОЛҒА” АҚ ЖОЛ ТІЛЕУДЕ

«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат аясында халықпен кездесулері жалғасуда. 

24 ақпан күні «Ақ жол партиясының республикалық штабы мүшесі, белгілі ақын Қазыбек Иса Шымкент қаласына келді.

Үгіт-насихат сапары барысында қаладағы №131 орта мектебінде халықпен кездесу өткізді. 


Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Әлімхан Абжанов және жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар, партия белсенділері, БАҚ өкілдері, Бозарық, Тассай елді мекендерінің тұрғындары қатысты. 

Жиында Қазыбек Иса партияның саяси бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ, сайлауалды партия бағдарламасындағы мемлекеттік тілдің жекедара мәртебесін айқындау, оны қорғау елдегі басты мәселе екенін және Алаш арыстарының есімдерін ұлықтау, әкімдердің партия қатарында болмауы, Парламент құзіретін кеңейту туралы Парламенттік оппозиция, қандастар көшінің қарқынын арттыру, әділ сайлау өткізу мәселелері бойынша айтып өтті.


Сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстары мен арыз-шағымын тыңдады.

Ал, Әлімхан Абжанов «Ақ жол» партиясының саяси «Түбегейлі өзгерістер қажет» бағдарламасында өте өзекті мәселелер көрсетілгенін айтып, 19 наурыз күні «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.

Еркін форматта өткен жиында сөз алған халықта талап-тілектерін жеткізді. 

Жиналғандардың арсында партия қатарына кіруге ниет білдіргендерде болды.

Осы жиында партияға мүше болуға өтініш білдірген “Тассай” ауылы биі Талдыбек Мәдібеков пен ұстаз Айдана Батырханға партияның төсбелгісін табыстады. 

Тассай елді мекенің ауыл биі Талдыбек Мәдібеков сөз сөйлеп, 11 сайлау округі бойынша «Ақ жол» партиясынан сайлауға үміткер Айдос Аманбаевқа сәттілік тілесе, ауыл ақсақалы Аман Сүгірәлиев Бозарық елді мекенінде жол мәселесін шешіп беруді ұсынды. Ал Жақсыбек Айнабеков қандастардың Қазақстанға келуіне көптеген кедергі бар екенін айтып, көшті жеңілдету мәселесін шешуге көмек сұрады.

Кездесу соңында жиын қатысушылары «Ақ жол» партиясының бастамалары еліміздің көркеюіне жол ашатынына сенім білдіріп, алдағы сайлауда партияны жақтап, дауыс беретіндерін айтты. 

Ақсақалдар бата беріп, “Ақжолдықтарға” - Ақ жол тіледі.

* «Ақ жол» партиясының сайлау штабының қаржысынан төленген