Мардымсыз жалақы салдарынан 30 жылда ел ғалымдарының саны 2 есе қысқарған

Мардымсыз жалақы салдарынан 30 жылда ел ғалымдарының саны 2 есе қысқарған

Соңғы 30 жылда ғалымдар санының 2 есе қысқаруы байқалады.

Мұндай деректер ашық талқыға шығарылған 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім және ғылымды дамыту тұжырымдамасында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 30 жылда ғалымдар санының 2 есе қысқаруы байқалады (1991 жылы 40,8 мың адамнан 2021 жылы 21,6 мың адамға дейін). Ғалымдар еңбекақысының тұрақсыз әрі төмен деңгейі кадрлық және ғылыми әлеуеттің негізгі проблемаларының біріне айналып отыр. Осының салдарынан ғылым саласының тартымдылығы төмен. Мәселен, 2021 жылы ғалымдардың орташа жалақысы 187,7 мың теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы орташа жалақының 75 % тең», - делінген қаулыда.