Америкалық азамат 2 миллиард доллар джекпот ұтып алды

Америкалық азамат 2 миллиард доллар джекпот ұтып алды

Powerbal лотереясының ұйымдастырушылары бір күн бұрын 2,04 миллиард АҚШ долларын құрайтын рекордтық ұтыс иесін жариялады. Эдвин Кастро шағын жанармай құю бекетінен билет сатып алып, жасырынған санды дұрыс тапқан, деп жазады Нью-Йорк Таймс.

Ол өзінің аты-жөнінен басқа жеке мәліметтерін жарияламауды өтініп, жеңімпазды жариялау шарасына қатыспаған. Алайда мұндай ұтысты күтпегенін және қатты қуанғаны айтып, мәлімдеме таратты.

Лотерея ұйымдастырушыларының айтуынша, барлық ұтысты 30 жыл бойы бөліп алудың орнына, Кастро 997,6 миллион доллар тұратын біржолғы төлемді таңдаған.

Powerball джекпоты 2022 жылдың соңында бңрнеше ай ішінде рекордтық деңгейге көтерілді, өйткені қатарынан 40-тан астам ұтыс ойынынан жеңімпаз шықпаған.