Орал әуежайын ресейлік компания сатып алды

Орал әуежайын ресейлік компания сатып алды

"Аэропорты Регионов" ресейлік компаниясы "Орал" халықаралық әуежайын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. Бұл туралы компания ресми сайтында хабарлады.

"УК "Аэропорты Регионов" қазақстандық серіктестермен бірлесіп "Орал халықаралық әуежайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін – Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайының оператор-компаниясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. 

Жаңа меншік иесінің жоспарында жолаушылар мен әуекомпаниялар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, әуежайды техникалық қайта жарақтандыру, бизнес-процестерді жақсарту тұр. 

Бұның бәрі халықаралық тасымалды дамыту әлеуетін жүзеге асыруға, сонымен қатар жүк тасымалының ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.