«Ауыл» партиясы ОСК-ға құжат тапсыруды аяқтады

«Ауыл» партиясы ОСК-ға құжат тапсыруды аяқтады

«Ауыл» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттары құжаттарын ҚР Орталық сайлау комиссиясына тапсыруды аяқтады. ​​​​​​

Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде Мәжіліс сайлауына бір мандатты округтер бойынша түсетін 9 үміткер ұсынылды. Олардың бәрі – өте мықты және беделді кандидат. ​​​​​​​​Топ басында 2019 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде қатысып, бақ сынаған Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков тұр. ​​​​​​​​​Экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Сатайұлының өндірісте де, басшылық лауазымда да үлкен, мол жұмыс тәжірибесі бар. Бүгінде ол «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. ​Төлеутай Рақымбеков өз құжаттарын Астана қаласының № 2 сайлау округіне тапсырды.

​​​​​​​​​​​Қалған 8 үміткер де өте мықты, бұқараға айтары бар беделді адамдар. Бәрі нақты сектордан, негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінен шыққан. Экономикада өздерінің нақты орындары бар жандар. 

​​​​​​Партияның облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарына бір мандатпен және партиялық тізім бойынша тіркелуі жалғасып жатыр. Бекітілген күннің соңына, яғни 08.02.2023 жылдың 18:00-ге дейін талап етілген барлық құжат тапсырылатын болады.