Азат Перуашев: Болашақты батыс мемлекеттерінің үздік жетістіктерімен байланыстырамыз

Азат Перуашев: Болашақты батыс мемлекеттерінің үздік жетістіктерімен байланыстырамыз

Қазақстан Еуропалық даму жолын, мемлекет пен қоғам қатынастарындағы еуропалық тәсілдерді, өмір сапасының еуропалық стандарттарын енгізуге тиіс. Сондықтан болашақта «Ақ жол» партиясы Қазақстанның Еуропалық одаққа кіруі туралы мәселе көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы партия жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді.

– Біздің таңдауымыз – «Ақ жол» демократиялық партиясының таңдауы – бұл Еуропалық даму жолы, мемлекет пен қоғам қатынастарындағы еуропалық тәсілдер, өмір сапасының еуропалық стандарттары. «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, біз болашақты Батыс мемлекеттерінің үздік жетістіктерімен таныс болумен байланыстырамыз. Сонымен қатар «Ақ жол» партиясы болашақта Қазақстанның Еуропалық одаққа кіруі мәселесін де қарастырып жатыр, – деді Перуашев.

Власть сайтының мәліметінше, Перуашев Еуропалық даму жолының мысалы ретінде әділ сайлау өткізу, электронды дауыс беруді жүзеге асыру, тәуелсіз және әділ сот құру, демократия мен парламентаризмді дамыту қажеттілігін келтірді. Оның сөзінше, осы тармақтардың барлығы партияның сайлауалды бағдарламасының жобасына енгізілген.