Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі автобус валидаторларын қазақша сөйлетті
2023 ж. 26 қаңтар
5287
34
Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі Павлодар қаласындағы қоғамдық көліктердегі валидаторлардың қазақ тілінде сөйлеуіне қол жеткізді.
Бұған дейін белсенді әлеуметтік желіде даулы пост жариялап, әкімдіктегі қабылдаудан видеолар таратқан болатын.
- Дәл қазір әкімдіктемін, 2 жыл бұрын көзбояушылық пен көлік тасымалы келісім шарттарына тілдік қызмет қосымша жасауға "көмектескен" обл.әкімі орынбасары А. Курмановада..
Әкімдіктен кетпеймін деп отырмын, полициямен лақтырып тастамағанша... Соңғы жиын, қалалық әкімдікте 2022 ж. тамызында өткен, қазақ тілін қоямыз деген... - деп жазды тіл жанашыры.
Ал, кеше Руза Бейсенбайтегі осы ұзақ уақытқа созылған күрестің нәтижесінде қала басшылығы ақыры қоғамдық көліктердегі валидаторларды қазақша сөйлететінін жеткізді.
- Жеңіс! Бұған себепкерлер, бірнеше жыл жерден алып, жерге салып отырған, бұрынғы ТҮКШ басшысы, қазіргі қала әкімі орынбасары А.Калиакпаров (солай болмас еді, басында істегенде), және "Автобус Смарт пв" директоры Талғат, ал бұл кісі табанда реакция жасады.
Тағы айтарым, бұл компания жарты Қазақстанда бар екен. Сондықтан қазақтар, сол қалаларда тұратын, алға, барша қазаққа рух беруге!!! - деп жазды ол.
Атап өту керек, белгілі Тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі осы мәселеге белгілі қоғам қайраткері, Мәжілістің 7-ші шақырылымының депутаты Қазыбек Исаның қолдауына ризашылығын білдірді.
- Мәжіліс депутаты, ұлтшыл Қазыбек Иса бауырым осы жеңіске жетуім үшін көп көмек көрсетті. Оның батылдығының арқасында жергілікті полицияның маған тісі батпады. Маған үлкен психологиялық қысым жасалғанда, жалғыз қалдырмай, тіл үшін желеп-жебегеніне алғыс білдіремін, - деді Р. Бейсенбайтегі.
Азамат Тасқараұлы,
Қазақ үні