Павлодар ауданының әкімі болып Николай Дычко тағайындалды
2023 ж. 19 қаңтар
780
0

Бүгін Павлодар ауданының әкімдігінде аудан активінің жиналысы өтіп, онда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов ауданның жаңа әкімін таныстырды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Серік Батырғожинов Павлодар ауданының бұрынғы әкімі Ержан Иманслямға осы лауазымдағы жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа басшыны таныстырды.