Мусин «TikTok-тың» қазақ тіліндегі нұсқасы туралы: Ана тіліміздің әлемдік деңгейде сұранысқа ие екенін көрсетті

Мусин «TikTok-тың» қазақ тіліндегі нұсқасы туралы: Ана тіліміздің әлемдік деңгейде сұранысқа ие екенін көрсетті

«TikTok» компаниясы әлеуметтік желідегі қосымшасының қазақ тіліне аударылғаны туралы ақпаратты жариялады. Бұл шынында да қуанышты жаңалық.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта елімізде қазақ тілді қолданушылар санының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Танымал қосымшаның мемлекеттік тілге көшуі қолданушылар үшін ыңғайлы болып қана қоймай, ана тіліміздің әлемдік деңгейде сұранысқа ие екенін мойындатып отыр.

Өткен жылы Digital Bridge форумы аясында «TikTok» компаниясының басшылығымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылаған болатынбыз. Осының негізінде Astana Hub пен TikTok арасында арнайы Меморандум бекітіліп, оның нәтижесінде қазақстандық стартаптар үшін эксклюзивті білім беру бағдарламасы — TikTok StartUp Academy жобасы іске қосылды.

«Жоба аясында қазақстандық стартаптар үшін оқыту курстары өткізіліп жатыр»,-деді министр.