Полицейлер Түркістандағы базарда қызды топ болып зорлау фактісін тергеп жатыр

Полицейлер Түркістандағы базарда қызды топ болып зорлау фактісін тергеп жатыр

Полицейлер Түркістандағы базардағы топтық зорлау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, бойжеткен танысы оған қарсы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасамақ болғаны туралы арыз жазған. 

29 желтоқсанда аталған факті бойынша жиналған материалдар Түркістан қаласы бойынша ҚБ-на 120-бап 1-бөлімі бойынша тіркелді. 

Полицейлер екі күдіктіні анықтады.

Әлеуметтік белсенді Дина Таңсәрі қыздың оқиғасын әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, 21 жастағы қызды жазда көтерме базарда зорлаған. 

«Біреуі зорлады, екіншісі контейнердің есігін ұстап тұрған, қыз есін жоғалтты. Оны видеоға, суретке түсірген, қыз есін жиып, айқайлап, контейнердегі ыдыстарды сындырады, олар ыдыс-аяқты сатумен айналысты. Осыдан кейін олар оны осы фото және бейнематериалдармен бопсалап, барлық туыстарына және күйеуіне айтамыз деп қорқытып, ақша бопсалауға кіріскен. Нәтижесінде олар оны алдап, 10 миллион теңгесін алды», - деп жазады Таңсәрі.