Пәтер тонаушы 22 жастағы қызға қатысты полиция түсінік берді

Пәтер тонаушы 22 жастағы қызға қатысты полиция түсінік берді

Пәтер тонаушы 22 жастағы қыз туралы әлеуметтік желілерде жаппай тараған ақпаратқа Рolisia.kz түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті тұрғындар, бұл қыздың есімі Құлмағамбетова Дамира, 22 жаста. Кәсіби пәтер тонаушы. Құлыпты кілттерді таңдау арқылы және басқа да жолдармен ашып алады... Жанында көлік мінген орта бойлы, аққұба жігіт болуы мүмкін. Қырағы болыңыздар, үйдің кіреберісіне кіргізбеңіздер», - делінген еді қыздың фотосы қоса берілген хабарламада.

Абай облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы аталған ақпаратқа тексеру жүргізіп, оның жалған екенін анықтады.

«Аталған азаматша осыған дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат және телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыр жазасы қарастырылған», - деді полициядан.

Ал Дамира Құлмағамбетова мұндай ақпараттың таралуына әпкесін кінәлап отыр. Сөзінше, балалармен жұмыс істейтін педагогтің мұндай қадамға неліктен барғанын құзырлы мекемелер анықтайтын болады.