Астанадан Ақтөбеге жолға шыққан жүргізушіні навигатор айдалаға адастырып жіберген

Астанадан Ақтөбеге жолға шыққан жүргізушіні навигатор айдалаға адастырып жіберген

Астанадан Ақтөбеге жолға шыққан жүргізушіні навигатор айдалаға адастырып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 1 қаңтарда Астана қаласының азаматы «Шевроле Нексия» маркалы автокөлікпен Навигатордың көмегімен Ақтөбе қаласына жолға шыққан. Алайда Дружба ауылы бағытындағы ауыл жолымен жүріп келе жатып, автокөлік бұзылып, далада қалған. Көп ұзамай шақыру орнына Қамысты ауылының №18 өрт сөндіру бөлімінің және Жітіқара қаласының Жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің қызметкерлері «Ямал» роверімен жетті. Олар астаналықты Алтынсарин ауылындағы дала бригадасынан эвакуациялады» делінген хабарламада.

Сынған автокөлік Еркін және Достық ауылдарының ортасында қалды. Ауылдық округ әкімі Алтынсарин ЖШС қонақ үйінде орналасқан жылыту пунктін ұсынды.

ТЖД азаматтарды ауа райының нашарлауына байланысты жолға шықпауға шақырады.