Қазақстанда «Жыл моделі – 2022» конкурсы өтеді

Қазақстанда «Жыл моделі – 2022» конкурсы өтеді

Алматы қаласында 25 желтоқсан күні сағ. 12:00-де «Жыл моделі – 2022» конкурсы өтеді. Аталған жобаның продюсері – 2021 жылы Дубайда өткен «Miss & Mrs Universe Dubai» конкурсының қатысушысы және осы жобаның Қазақстандағы кастинг директоры Айсунна Жұмабек.

Жобаның негізгі мақсаты – еліміздегі модельдік индустрияны дамыту, Қазақстандық модельдерді жарыққа шығару және шетелге таныту. Сонымен қатар, модель болуды армандаған, әр салада қызмет ететін жандарға мүмкіндік сыйлау. Жоба жеңімпазы «Miss & Mrs Universe Dubai – 2023» конкурсына жолдама алады және Дубайға тегін саяхатқа ие болады.


«Жыл моделі» конкурсының жүргізушісі – Анна Данченко мен Айбек Жүніс. Әділқазылар алқасы - Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Мұрат Абзелбаев, Танымал дизайнер Жадо мен стилист Ерлан Айнабеков. Жоба қонақтары – танымал режиссерлер Еркін Рақышев, Асқар Бисембин, актерлер Жан Байжанбаев, Нұржан Тұтов. Ал қандай әншілер келетіні және өнер көрсететіні әзірге құпия.


«Өзге елдерге қарағанда Қазақстанда модельдік индустрия жақсы дамымаған. Мұндай конкурстардың өтуі бұл салаға деген көпшілік қауымның назарын аударып қана қоймай, қазақ аруларының әлемдік аренаға қатысуына жол ашады. Мысалы, мен «Miss & Mrs International Eurasia 2021» конкурсында 2-орын алып, Мәскеуге жолдама алған болатынмын», - дейді продюсер Айсунна Жұмабек. Сән әлемінде 15 жылдан бері еңбек етіп, Қазақстандық және әлемдік сән байқауларына қатысып жүрген өнер иесі модель, фотомодель, актриса, кастинг директор, ұйымдастырушы әрі продюсер ретінде көптеген телевизиялық, концерттік, қайырылымдылық іс-шараларды жүзеге асырды. Осы орайда, жоба ұйымдастырушысы әрі продюсері жақында фильм түсіретінін тілге тиек ете отырып, кино туындыға аталған байқауға қатысушыларды түсіретіндігін айтты.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Хан сарай. Төле би к/сі 128.

Өтетін уақыты: 25 желтоқсан, 12:00.