Астанада билікті күшпен басып алып, шариат заңын орнатуға шақырған адам сотталды

Астанада билікті күшпен басып алып, шариат заңын орнатуға шақырған адам сотталды

Елдегі билікті күшпен басып алып, шариат заңын орнатуға шақырған адам 15 жылға сотталды. Ол бұрын Ішкі істер органдарында жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық сотына сілтеме жасап.

«Азамат Ш. ішкі істер органдары қызметкерлерінің антын бұзып, билікті күшпен басып алуға, елдің конституциялық құрылымын өзгертуге бағытталған қылмыстық ойға берілген. Адамдардың жаппай нарашылық жиындарын ұйымдастыруға жақтастар іздеп, өзінің радикалды лаңкестік идеяларын насихаттаған. Куәгерлерді 2022 жылдың 17 мамырында Астанада заңсыз митинге шығып, одан кейін шет мемлекеттердің Елшіліктеріне және мемлекеттік органдардың ғимараттарына лаңкестік шабуыл жасауға, жаппай тәртіпсіздікке арандатуға, елдегі билікті күшпен басып алып, шариат заңын орнатуға шақырған», - делінген сот хабарламасында.

Сот азамат Ш-ны билікті күшпен басып алу, мемлекеттің қауіпсіздігін бұзуды, Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, терроризмді насихаттауға, лаңкестік әрекеттер ұйымдастыру мақсатында адамдарды дайындау және террорлық актілерді әзірлеуге кінәлі деп таныды.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті елорда тұрғыны Ш-ға қатысты сот шешімі заңды күшіне енгенін мәлім еткен болатын.