ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҮЗДІК ӨҢІР АТАНДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҮЗДІК ӨҢІР АТАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» сыйлығының аясындағы бірнеше санаттың «Гран при» жүлдесіне ие болған кәсіпкерлерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Павлодар облысының «ПромМашКомплект кәсіпорны жеңімпаз атанды.

«Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша Алматы облысының «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны жеңімпаз болды.

«Парыз» сыйлығының шағын және орта бизнес иелері арасындағы «Гран при» жүлдесі Ақмола облысының «Шуская-21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілді.

Осы сыйлықтың ірі бизнес иелері арасындағы «Гран при» жүлдесіне Атырау облысының «North Caspian Operating Company» кәсіпорны ие болды.

«Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік өңір» санаты бойынша арнайы сыйлық Шымкент қаласының әкімдігіне тапсырылды.

Ал «Үздік аудан» санаты бойынша арнайы сыйлыққа Сәтбаев қаласының әкімдігі ие болды.