Айдарбек Сапаров СҚО әкімі болып тағайындалды
2022 ж. 02 желтоқсан
609
0

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол осы күнге дейін ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарып келген еді. Облыстық мәслихат депутаттары Сапаровтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Дауыс беру нәтижесі бойынша 153 депутаттың 118-і А.Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35-і Р.Аңбаевты таңдады.
Айдарбек Сейпілұлы Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған.