Қатты аяздан 7 адам қаза тапты

Қатты аяздан 7 адам қаза тапты

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы өлкесінде (ШҰАӨ) жеті адам үсік шалып, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

«Алтай қаласының халық үкіметі (ШҰАӨ, Алтай округы) 28 қарашада төтенше суық ауа райы салдарынан жеті жұмысшының қаза тапқанын хабарлады», - делінген «Синьхуа» мәліметінде.

Шыңжаңның солтүстігіндегі Алтай округінде өткен демалыста соңғы он жылдағы ең төмен температура тіркелген, қалың қар жауып, дауыл соққан.

Хабарламаға сәйкес, сенбі кешкісін, 26 қарашада боран кезінде жергілікті автожолдың учаскелерінің бірінде сегіз жұмысшы жоғалып кеткен. Адамдарды іздеуге барған құтқарушылар оларды жексенбі таңертең, 27 қарашада тапқан. Іздеу жұмыстары ауа райы қолайсыз кезде – қатты жел, боран және аяз кезінде жүргізілген.

Сегіз жұмысшы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Алайда үсік шалу салдарынан жеті адам көз жұмды.