«Біз Тәуелсіздікті ешкімге бермейміз!

1
762

«Тәуелсіздікке  қауіп төндіретін болса, одақтардан сол сәтте шығамыз!»

 

25 сәуірде Астанада өз жұмысын бастаған XI Еуразия медиа форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Кедендік одақ, Еуразиялық экономикалық кеңістік туралы сөз қозғай келіп, осылай мәлімдеді.

-Шет елдерге барған кезде «Бұл не қылған одақ?» (Еуразия) деген сауал көп қойылып жатады бізге. Тіпті, Ресей империяны қайта жинап, жаңа Кеңес одағы құрылғалы жатыр деген сөздер де айтылып жатыр. Бұл – барып тұрған сандырақ. Турасын нақты айтайын: Қазақстан өз тарихында алғаш рет Тәуелсіз мемлекет атанып, бостандықтың дәмін татты. Біз бұл Тәуелсіздікті ештеңемен айырбастай да алмаймыз, ешкімге беріп те қоя  алмаймыз. Егер қандай да бір одақ Тәуелсіздікке, Ата заңға титтей де көлеңке түсіріп, қауіп төндіретін болса, біз ондай одақтарды дереу, сол сәтте-ақ тастап шығамыз!, Барша халық та солай ойлайды деп сенемін.

Иә, Елбасымыз  бұл жерде  мәселе таза экономикалық ықпалдастық тұрғысында болып отырғанына баса назар аударды. «Бұл әлемде бар үдеріс. Соңғы ең көрнекі мысал – бұл Еуропалық одақ. Алайда, біз соның өзінде көптеген кемшіліктер мен олқылықтарды байқап отырмыз. Ал бірлестік құру барысында біз ондай кемшіліктерге жол бермейміз! Ал Еуразиялық одақ өз шеңберін кеңейте береді», – деді мемлекет басшысы.

www.qazaquni.kz

1 Пікір

  1. Біз бұл Тәуелсіздікті ештеңемен айырбастай да алмаймыз, ешкімге беріп те қоя алмаймыз. Егер қандай да бір одақ Тәуелсіздікке, Ата заңға титтей де көлеңке түсіріп, қауіп төндіретін болса, біз ондай одақтарды дереу, сол сәтте-ақ тастап шығамыз!, Барша халық та солай ойлайды деп сенемін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз