Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Қазақстандық саясаткер Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы болып тағайындалды. Оның кандидатурасын ұйымның қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған. Тасмағамбетов жоспар бойынша бұл қызметті үш жыл атқарады. Бұған дейін бұл қызметті беларусь Станислав Зась атқарған еді.

Тасмағамбетов бұған дейін Қазақстан премьері, қорғаныс министрі, Алматы мен Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған. Кейін оның зейнетке шыққаны хабарланған еді. 

ҰҚШҰ-ға Ресей, Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь мүше. Ұйым келісіміне сай, бес елдің бірінің тәуелсіздігіне, аумақтық тұстастығына қауіп төнгенде басқасы әскери көмек көрсетуі тиіс.