Сұмдық! Хоккейші конькимен төрешіні бастан тепті

Сұмдық! Хоккейші конькимен төрешіні бастан тепті

Хоккейші Михаил Утенков Ресейде матчтың төрешісіне шабуыл жасап, оның басынан конькимен тепті, деп хабарлайды Tengri Sport. 

Еңбек резервтері лигасындағы Leopards және NS REVOL ICE командалары арасындағы матчта қорғаушы ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылғаны үшін төрешімен есептесуді ұйғарды. 

Тікелей эфирде матч комментаторы бұл жағдайға қатысты ойын айтты. 

"Полиция шақыратын уақыт секілді. Менің ойымша, бұл есі дұрыс адам емес. Кешіріңіздер, құрметті адамдар, бірақ бұл жай ғана ақымақ. Мен мұндай дөрекілікті ешқашан көрген емеспін. Бұл хоккейші емес. Мен лиганы осы кейіпкерді дисквалификациялауға шақырамын», деді комментатор. 

Қайталауда хоккейшінің алдымен төрешіні таяқпен ұрғанын, содан кейін конькимен басынан соққы жасағанын көруге болады.