Алматыда әкесі 9 жасар қызын бауыздап өлтіріп, өгей ұлын жаралады

Алматыда әкесі 9 жасар қызын бауыздап өлтіріп, өгей ұлын жаралады

Алматыда әкесі 9 жасар қызын пышақтап өлтіріп, өгей ұлын жаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бостандық ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, 9-жасар баланы өлтірді деген күдікпен 1979 жылы туған оның әкесі ұсталды», деп хабарлады полиция. 

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің 2007 жылы туған өгей ұлын  пышақтап кеткенін айтты. 

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.