Аида Балаева президент сайлауында дауыс берді

Аида Балаева президент сайлауында дауыс берді

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аида Балаева Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Бүгінгі сайлауға халық белсенді қатысып, дауыс беріп жатыр. Біздің болашағымыз тікелей Мемлекет басшысы мен ол жүргізетін саясатқа байланысты. Сондықтан ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтар өз таңдауын жасап жатыр. Мен де сол азаматтардың қатарындамын. Өз таңдауымды жасадым. Негізі жылда ерте келетінмін, биыл сайлау учаскелеріндегі кезек азайсын деп күттім», - деді Аида Балаева БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, бастысы еліміздің тыныштығы мен тұрақты дамуы.

«Сайлау нәтижесінде жеңіске жеткен кандидаттың, яғни президенттің алға қойған реформалары ойдағыдай жүзеге асса. Халық үміті ақталса деймін. Оң өзгерістердің болуы тек Мемлекет басшысына ғана, барша қазақстандыққа байланысты. Әр азаматтың үлесі бар», - дейді ол.