Шымкентте бес жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлаған
2022 ж. 18 қараша
1834
0

Шымкент қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жаннета Жазықпаева Elitar.kz порталына бес жігіттің кәмелетке толмаған қала тұрғынын зорлауының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Жазықбаева бала құқықтары жөніндегі омбудсмен ретінде Шымкент полициясынан толық ақпарат сұрағанын айтты.
Ведомство берген анықтамаға сәйкес, қыздың анасынан зорлық-зомбылық фактісі туралы арыз тамыз айында Абай аудандық полиция бөліміне келіп түскен.
"...08.08.2022 2003 жылы туылған Ш. есімді бейтаныс жігіт өзінің пәтерінде түнеуді ұсынып, оның жасы 16-ға толмағанын біле тұра жыныстық қатынасқа түскен. Бұл факт 2022 жылы ҚР ҚК 122-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ОҚБК-не тіркелді», - деді Жазықбаева.
12 қазанда жәбірленушіге сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл сондай-ақ күдіктілердің 2003-2004 жылдары туған Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тумалары екенін түсіндірді.