Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдың тұрғындары баланың зорланғанын хабарлады

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдың тұрғындары баланың зорланғанын хабарлады

Шығыс Қазақстан облысында 12 жасар қызды зорлады деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz . 

12 қарашада Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында болды делінген қайғылы оқиғаны осы елді мекеннің тұрғындары хабарлап, «NeMolchiKZ» қоғамдық қорына хат жазған. 

Олардың айтуынша, қыз әкесімен бірге тұрады, әкесі ішімдік ішеді, ал баланың анасы қайтыс болған. 

"Қыз әкесімен тұрады. Әкесі үнемі мас, үйіне неше түрлі еркектерді сүйретеді, ешкім тексермейді. Қамқоршылық органдары мен әкімдік хабардар, бірақ ештеңе істемейді. Қыз өте ақылды, тәрбиелі... Оны үш күн бұрын осы отбасына көмектесті деген 30 жастағы ер адам зорлап, өмірін құртып жіберген», - деп жазады ауыл тұрғындары үндеуде.