БАЙЫПТЫ БАҒДАРЛАМА
2022 ж. 12 қараша
563
0

Президенттікке кандидат Қасым- Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шыққаны күмән тудырмасы анық.
Жалпы жұртшылықтың жүрегін жаулаған алдағы жеті жылда алар асуымыз, бағындырар белесіміз, мақсат-міндетіміз айқындалған бағдарлама жүгінің жауапкершілігін қарапайым тілмен түсіндірген Ерлан Қошановқа да қол соғуға әбден болады деп ойлаймын.
Әділетті Қазақстан құру жолында іске асырылатын бағыт-бағдарларға зер салсаңыз, бағдарламаның байыппен түзілгенін байқау қиын емес.
Көгілдір экранға көз тіккен көрермендер қай кандидаттың бағдарламасының бәсі басым екені, кімге дауыс беретіндігі белгілі болғандай сезімде болдым…
Ендеше, 20-қарашада сайлау учаскелерінен табылып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын, ағайын!
Кәрімбек Құрманғалиев,
ҚР ҰҒА академигі