Орыс әскері референдум өткізіп басып алған Херсонды енді тастап қашып жатыр

Орыс әскері референдум өткізіп басып алған Херсонды енді тастап қашып жатыр

Ресей біріккен әскерлер тобының қолбасшысы Сергей Суровикин жақында Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға Херсондағы жағдай туралы хабарлаған. Қараша айының басында оң жағалаудан 115 мың адам эвакуацияланды, Ресей әскери күштері украин әскерлерінің атыстарына тойтарыс бергенімен, нысанға дәл тиген 20%-дың өзі қала мен оған іргелес елді мекендер толық қамтамасыз етіліп, жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА жаңалықтарына сілтеме жасай отырып.

Осылайша, Ресейдегі қолбасшылық бұрын-сонды болмаған сынға қалды. Оның аясында шұғыл ішінара жұмылдыру жарияланғанымен, Украинаға тойтарыс беру мүмкін болмады.

Қазан айының басында Украина әскери күштері Херсон облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында ілгерілеп, ресейлік топты Днепрге жақындатты. Қараша айына қарай Херсондағы ғимараттардан ресейлік триколорлар жоғала бастады. Жергілікті тұрғындар мұны қаланы қайтаруға дайындық деп қабылдады.

Соңғы кеме 7 қарашада сағат 12-де Днепрдің оң жағалауынан сол жағалауға қарай жүзіп кетті. Бұған дейін оккупацияланған қаладан тілек білдірушілерді шығару әр түрлі кезеңдерден өтті: басында оккупациялық билік мұндай мүмкіндікті мүлдем қарастырмады, кейін қауіпсіздік мақсатында барлық тілек білдірушілерді ерікті түрде эвакуациялады, ал 6 қарашаға қарай оккупациялық билік көшіруді мәжбүрлі түрде жүргізетінін хабарлады.