Нокаут боп, комаға түскен боксшы Айдос Ербосынұлы есін жиды

Нокаут боп, комаға түскен боксшы Айдос Ербосынұлы есін жиды

Кейінгі жекпе-жегінен соң комаға түскен қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы есін жиды, деп хабарлайды prosports.kzке сілтеме жасаған sn.kz

Кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте ауыр нокаутпен жеңілген соң боксшы жасанды комаға түскен еді. Боксшының өкілдері хабарлағандай, қазір Айдос есін жиған. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екі апта уақыт дәрігерлердің бақылауында болады.

Екінші орта салмақтағы WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек кеше өтті. Моррель Ербосынұлын жекпе-жектің 12-раундында нокаутқа түсірген болатын.