Шұғыл! Алматы облысында 5 адам жарақаттанып, біреуі қайтыс болды

Шұғыл! Алматы облысында 5 адам жарақаттанып, біреуі қайтыс болды

Алматы облысындағы ауруханаға түрлі жарақаттармен 5 адам жеткізілді, олардың біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 қараша күні сағат 00:55 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне көпбейінді ауруханадан түрлі дене жарақаттарымен 5 адамның түскені, оның біреуі алған жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған факті бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтау, сондай-ақ оқиғаның себептерін анықтау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді полициядағылар.