Өзеннен табылған сөмкеден әйелдің кесілген аяқтары шыққан

Өзеннен табылған сөмкеден әйелдің кесілген аяқтары шыққан

Санкт-Петербургтің Колпинск ауданындағы Ижора өзенінде әйел аяқтары кесілген спорт сөмкесі табылды. Санкт-Петербор бойынша Бас тергеу комитетінің Колпинск ауданы бойынша тергеу басқармасы  қылмыстық іс қозғады. 

Бұл туралы «КП - Санкт-Петербург» басылымы жазды. 

Адам денесінің бөліктері салынған қара спорттық сөмке су өсімдіктерінің қалың ортасында болды. Бұл туралы 3 қарашада Санкт-Петербургтегі ТФР Бас тергеу басқармасы хабарлады. 

Аяқтары бар сөмке Колпино елді мекенінен алыс емес жерде, Анисимов көшесінің ауданында табылды. Болжам бойынша, қалдықтары бар сөмке бір жарым апта бойы суда болған.