Көпір құлап, 60 адам бір мезетте қаза тапты

Көпір құлап, 60 адам бір мезетте қаза тапты

Үндістанда көпірдің құлауынан кем дегенде 60 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға Гуджарат штатында болды. Көпір опырылған сәтте оның үстінде 500-ге жуық адам болған. Олардың дені суға құлады.

Болжам бойынша, көпірдің конструкциясы жиналғандардың салмағын көтере алмаған.

Оқиға орнында құтқарушылар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Ондаған адам ауруханаға жеткізілді.

ХІХ ғасырда салынған көпір бірнеше күн бұрын ғана жөндеуден кейін қайта ашылған болатын. Бұл ретте, жекелеген БАҚ-тың мәліментінше, ол тиісті рұқсат құжаттарсыз қолданысқа берілген.