Украина Дмитрий Медведевке іздеу жариялады

Украина Дмитрий Медведевке іздеу жариялады

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевті іздеуге жариялаған. Бұл туралы ақпарат республика Ішкі істер министрлігінің деректер базасында пайда болды, - деп хабарлайды Qazaquni.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Медведевке Украина Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі бойынша «Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғу» деген айып бойынша Украинаның құқық қорғау органдары іздеу жариялағаны атап өтілді. Бұл бап бойынша ең ауыр жаза он жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.