Азат Перуашев Ресей СІМ ресми өкіліне ескерту жасады
2022 ж. 05 қазан
802
1

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ресейден Қазақстанның мемлекеттігін құрметтеуді талап етті.
– Ресей СІМ ресми өкілінің (Мария Захарова) Қазақстан мен біздің елшімізге қатысты берген түсініктемелер орынсыз және біздің қарым-қатынасымызға сәйкес келмейді. Қазақстан Ресейдің өкілдеріне, тұтастай алғанда Ресей мемлекетіне деген ұстанымына құрметпен қарайды. Сол сияқты, Ресей де біздің елімізге және Қазақстанның Ресейдегі уәкілетті өкілі болып табылатын елшімізге құрметпен қарауы керек. Менің білуімше, Бүгін Қазақстан СІМ тиісті мәлімдеме жасады. Жалпы, біз мұндай пікірдің Ресей мен Украина арасында болып жатқан соғыспен байланысты екенін түсінеміз, бірақ Қазақстан ешкіммен соғысып жатқан жоқ. Сондықтан біз өз өкілдерімізді, мемлекеттігімізді құрметтеуді талап етеміз, – деді Перуашев.