Төреғали Төрәлі тергеу изоляторына қамалды
2022 ж. 30 қыркүйек
679
0
Әнші Төреғали Төрәлі тергеу абақтысына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін күдікті Төреғали Төрәлі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері «бұзақылық» бойынша Кеген ауданының полиция бөлімінде тіркелді»,- делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Күдікті Талғар ауданының полициясында қамауда отыр.
Өңірлік полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахмановтың айтуынша, оқиғаны жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу үшін заңмен қарастырылған барлық шара қолға алынатын болады.
Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төрәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс Сотқа дейінгі тергеп тексеру тізілімінде тіркелді.