Астаналық әйелден интимдік видеосын жария етпеу үшін 40 млн бопсалаған
2022 ж. 27 қыркүйек
950
0

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.
Астана қалалық полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арыз жазған. Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту және интимдік жазбаларды тарату арқылы одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.
Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екеуін ақша қаражатын беру барысында қылмыс үстінде ұстады, олардан 2 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді. Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.