Путин ядролық қару қолданса Ресейге ақырзаман орнайды - Байден әкімшілігі

Путин ядролық қару қолданса Ресейге ақырзаман орнайды - Байден әкімшілігі

Блумберг агенттігінің хабарлауынша, Байден әкімшілігі Кремль Украинаға қарсы соғыста кез келген ядролық қаруды қолданса, Ресей үшін «сұмдық зардаптары» болатынын жеке ескертті.

Өз кезегінде Financial Times Батыстың Путиннің қоқан-лоққыларынан кейін ядролық қаруды дайындыққа қойып, ядролық тежеуді күшейтіп жатқанын атап өтеді. 

Бұған дейін АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Путиннің соңғы ядролық қорқытуларына «өте сақтықпен қарау керек» деп мәлімдеген.

«Біз Кремльге – жеке, өте жоғары деңгейде – кез келген ядролық қаруды қолдану Ресей үшін апатты салдарға әкелетінін, АҚШ пен біздің одақтастардың жауап беретінін жеткіздік. Және біз мұның қандай салдары болуы мүмкін екенін өте анық және егжей-тегжейлі түсіндірдік», - деді Салливан.

Еске салайық, ақпан айында Украинаға басып кіргеннен кейін Путин ядролық тежеу ​​күштерін ерекше режимге ауыстырған болатын.