Прокурор Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Елорданың Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатқан процесс барысында прокурор күдікті Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түпкілікті мүлкін тәркілеу және лауазымды қызметпен айналысуға 10 жылға құқығын шектеу арқылы 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны ретінде орташа қауіпсіз мекеме айқындалсын. Президентке Сатыбалдыны ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры атағынан, сонымен қатар «Құрмет», «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдының тұтқында ұсталған уақытын тұтқындағы бір күн 1,5 күнге тең деп есептелсін», - деді прокурор Жангелді Есебаев.

Сот отырысы барысында Қайрат Сатыбалды жаза түрімен келісетінін мәлім етті.