Алматыда студенттердің қатысуымен жаппай төбелес орын алды
2022 ж. 20 қыркүйек
975
0
Алматыдағы «Атакент» көрме орталығының маңында студенттердің қатысуымен жаппай төбелес болды.
Әлеуметтік желіде көрме орталығының қақпасында болған жаппай төбелестің видеосы пайда болды.
Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, төбелеске Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері жақын маңдағы ойын-сауық мекемесінде көңіл көтерген. Зардап шеккендер жоқ.
«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу заңдық бағасын береді», - деп қорытындылады Бостандық аудандық ІІБ бастығы Думан Аухадиев.