Кезектен тыс сайлау ел тарихының жаңа бетін ашады - Иран сарапшысы
2022 ж. 15 қыркүйек
538
0

Қоғамдық прогреске қол жеткізу, халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа Қазақстанды құруға нақты инвестиция тарту, билікті әділ бөлу – бұның бәрі осы ел президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі (1401 жылғы 10 шәһривәр) сөйлеген сөзінде парасатты түрде айтылды.
Жалпы, рақымшылықты дер кезінде жариялау арқылы әлеуметтік- экономикалық жоспарларды жүзеге асырудың кезеңін белгілеу ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзгерістер енгізуге шындап бел байлағанын көрсетеді және осы ел халқының мақұлдауымен Президент жеті жылдық кезеңде жарияланатын жоспарларды ілгерілетеді.
Кез келген елдің орасан зор экономикалық жоспарларды жүзеге асырудағы негізгі қажеттілігі болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыруға көңіл бөлу және әлеуметтік алшақтықты азайту ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауындағы мәлімдемелерінде анық айтылды.
Инвесторлар мен элиталарды осы елде болуды ынталандыру, егер оған қол жеткізілсе, бұл маңызды жетістік деп санауға болады. Бұл ел Президентінің сөзімен айтылған бастамалар мен ашық саяси кеңістік құру және халықтың ресурстарды бөлуге қатысуы бұқара тарапынан қолдау тапса, нақты перспективаны жүзеге асырады.
Жеке секторды нығайтумен қатар, үкіметті бақылаушы және қолдаушы позицияға орнықтыру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетеді. Бұл ұлан-ғайыр елдің геосаяси орналасуын Шығыс пен Батысты байланыстыру және теміржол транзитін күшейту үшін пайдалана отырып, бұл елдің Шығыс пен Батыс елдерінің көзқарастарын жақындату мүмкіндігімен бірге, Қазақстан жариялаған өзгерістер нәтижесіндегі даму екі есе қарқын алады.
Биылғы жылдың күзінде өткізуге кезектен тыс сайлаудың жарияланғаны және оны халықтың қолдап, бекітуі осы ел тарихының жаңабетін ашады.
Мохаммад Реза Абәш Ахмад,
Ирандық сарапшы, ғылым докторы